Подписаться на RSS Подписаться на RSS

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛУДА?

Облыс, қала аумағында тамыз айының 22-27 аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз!» атты ауқымды акция өтті. Осыған орай Атырау қалалық әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен И.Тайманов атындағы орта мектепте «Отбасының құқығын қорғай білеміз бе?» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған Жұмыскер селолық округінің әкімдігі, мектеп басшылары мен мұғалімдер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

- Отбасы – ауқымды тақырып. Бұл тақырыпта өтіп жатқан акцияның мақсаты – әлемде саяси және экономикалық тынымсыз оқиғалар болып жатқан жағдайда барлық саланы дамытудағы әйелдердің жаңа мүмкіндіктерін белгілеу. Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру. Отбасы – қоғамның әлеуметтік ұяшығы ғана емес, әрине, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси іргетасы, – деді Жұмыскер селолық округінің әкімі Махамбет Ғилымов.

Отбасының негізгі құқықтары мен принциптері жайында баяндама жасаған №35 мектеп-гимназия директоры Алмабек Абдолов өз сөзін «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет!» – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастап, әрі қарай отбасы ұғымына, отбасылық қатынастарға тоқталды.

Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Фатима Баймұханова бала құқығы жайында сөз сөйлеп, бала құқықтары туралы Конвенцияға тоқталды.
Қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы Ардақ Тасболатова отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жасалынып жатқан жұмыстар жөнінде мәліметтерге тоқталып, «дөңгелек үстел» соңында қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауап берді.

Беттің материалдарын дайындаған Әлпеш САДЫҚ.

Танымалдығы: есептелмеді

01.09.2011 12:01,Атырау газеті

Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.