Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Қазақстан жазушылар одағының мүшелері Қадыр Мырзалиев атындағы қор құрды

Қазақстан жазушылар одағының мүшелері Қадыр Мырзалиев атындағы қор құрды

Қазақстан жазушылар одағының мүшелері қазақстандық жазушылар шығармасын дәріптейтін және жас жазушыларға көмек көрсетуге бағытталған Қадыр Мырзалиев атындағы қоғамдық қор құрды.

«Қадыр Мырзалиевтің өлеңдерін халық жатқа біледі, оны тыңдағанды жақсы көреді. Егер орыс халқы Пушкин мен Лермонтовты жақсы көрсе, біз сондай сезімді Мұқағали Мақатаевқа, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжмеддинов және Қадыр Мырзалиевке қатысты сезінеміз», – деді қордық қамқоршылар кеңесінің жаңа сайланған төрағасы Мереке Құлкенов бейсенбі күні.

Оның айтуынша, қор Қ. Мырзалиевтің шығармашылық және ән кештерін өткізбекші, сондай-ақ оның шығармаларының 20 томдығын, ақынның жарияланбаған өлеңдерін шығармақшы.

Сондай-ақ қордың мақсаты, қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттау, отандық әдебиетшілердің шығармашылық дамуына ықпал ету, қайырымдылық, мәдени-ойын сауық және тамашалық шараларды ұйымдастыру.

Қордың құрылтайшылар құрамына көп жылдары Қ. Мырзалиевпен бірлесе жұмыс атқарған, достасқан Қазақстанның танымал шығармашылық зиялы қауым өкілдері: ақындар Тұманбай Молдағалиев, Аққұштап Бақытгереева мен Есенғали Раушан, композиторлар мен ақын өлеңдерін орындаушылар Ілия Жақанов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, сондай-ақ еліміздің аймақ өкілдері, жазушылар, баспагерлер, кәсіпкерлер енді.

Қордың құрметті президенті болып Т. Молдағалиев, қор директорлығына – Дөнелі Қажымов сайланды.
Қадыр Мырзалиев 50-ден астам жыр жинақтарының, әдеби-сын және балалар кітаптарының, сондай-ақ жеке «Күндер-ай» атты жинақ болып шыққан 200-ден астам өлеңдердің авторы. Қ. Мырзалиевтің аудармасымен қазақ тілінде Овидий, Руми Джалаледдиннің, Джанни Родари, Эдуардас Межелайтис, Виктор Гюго, Михаил Лермонтов, Олжаса Сулейменовтің шығармалары жарық көрді.

Оның ерекше мақтанышы – есениндік лириканың аударма томы болатын. Оны автор өзінің шығармашылық сәттілігім және аудармашылықтағы ең жоғарғы жетістігім деп бағалаған. Оның тағы бір қызығатыны – әлем халықтарының жұмбақтары болатын. Оларды ол қазақ оқырмандарына таныстырды.

1980-ші жылы «Жерұйық» өлеңдер жинағы үшін ақын Қазақ ССР-інің мемлекеттік сыйлығын алды. 2001-ші жылы Қ. Мырзалиев Республикалық «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.

17.06.2011 09:13,Новости Today.kz

Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.