Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Ақ тілектер ағыны

Сәрсенбі, 6 Сәуір, 2011 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына президенттік сайлауда жеңіске жетуіне бай­ла­ныс­ты шетелдік саяси және қоғам қайрат­кер­лерінен құт­тықтау хаттар көптеп келіп түсуде.

Польша Республика­сы­ның экс-президенті Александр Квасьневски өз ха­тында Мемлекет басшысын сайлаудағы таңғаларлық же­ңі­сімен құттықтаған. «Қа­зақ­стандық қоғамның көп­ші­лік бөлігінің қолдауы Мемлекет басшысы қызме­тін­дегі Сіздің жетістік­те­рі­ңізді мойындауы болып та­былады. Бұл сондай-ақ келесі жылдар Сіздің бас­шы­лығыңызбен Қазақстан үшін одан әрі даму мен әлеу­мет­тік және экономикалық жетістіктерді нығайту кезеңі болатынына сенім мен үміт­тің көрінісі болып саналады. Мен Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіздің арқасында Қазақстан келешекте бай, анағұрлым білімді және жасампаз қоғамы бар заманауи мемлекетке айналатынына се­немін. Заң үстемдігін ны­ғайт­қан, тұрақтылық инсти­туттарын құрған, еркін эко­номиканы дамытқан мемлекет тек Азиядағы өсу мен прогрестің басты орталығы ғана емес, барлық құрлық үшін ұстанатын үлгі бола алады. Сіз үшін маңызды да жауапты осы кезеңде Сізге, Президент мырза, мықты ден­саулық, күш-қуат пен Қа­зақстан халқы тағы сеніп тапсырған миссияңызды орындауда табандылық тілегім келеді. Қазақстан өз өңі­рінде және оның сыртында, сондай-ақ халықаралық ұй­ым­дардың құрылымдарында ерекше рөл атқаратын ел, тұрақтылықтың көзі, диалог пен ынтымақтастықтың ор­та­лығы болып табылады. Мұндай белсенді қызмет пен қолдау халықаралық аре­нада танылуды талап етеді», деп атап өтілген А.Ква­сьневс­кидің хатында.

Белгілі неміс саясаткері Ганс-Дитрих Геншер Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы сенімді жеңі­сімен құттықтаған. «Сіздің Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің қызметіне қайта сайлануыңызға орай шын ниетті құттықтауымды қабыл алыңыз. Мен Сізге және Қа­зақстан халқына табысты қоғамдық және экономи­ка­лық даму тілеймін. Өз елі­ңізде Сізге көрсетілген үл­кен қолдау демократиялық қоғамды табысты дамытуды қамтамасыз ету үшін Сізге күш пен мүмкіндіктер береді. Қазақстан Сіздің президенттік кезіңізде едәуір прогреске қол жеткізді, бұл елді қоғамдық, экономикалық және ғылыми салада дамы­туға мүмкіндік берді. Өткен жылы Сіздің еліңіздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуы Сізге және Сіздің еліңізге біз­дің құрлықтағы бейбітшілікті дамытуды қамтамасыз ету үшін көрсетілген ха­лық­аралық сенім болды», де­лінген Г.Геншердің хатында.

Мемлекет басшысын сай­лаудағы сенімді жеңі­сімен Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа құттықтаған. «Сіздің бас­шылығыңызбен қол жеткізілген үдемелі даму, ор­нықты экономикалық өсім, республиканың ішкі және сыртқы саясатындағы ауқым­ды табыстар қазақ­стандық­тар тарапынан лайықты ба­ға­сын алды. Сіздің ҰҚШҰ қызметіне, ұйым аясындағы ынтымақтастықты тереңде­туге күш-жігермен көрсет­кен көмегіңіз, Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты нығайтуға үнемі назар қойып отыратыныңыз үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз», делінген Н.Бордюжаның хатында.

ТМД үкімет басшылары кеңесінің жанындағы интернационалист жауынгер­лер ісі жөніндегі комитет­тің төрағасы, Кеңес Ода­ғы­ның Батыры Руслан Аушев Мемлекет басшысын сай­лау­дағы сенімді жеңісімен құттықтаған. «Бүкіл­ха­лық­тық дауыс беру барысында Сізге елдің сайлаушы­лары­ның басым көпшілігі көр­сет­кен сенім Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік саяси өмірі саласындағы жаңарулар бойынша Сіз жүргізген бағытты қолдау­дың жарқын көрінісі болып табылады. Қазақстандағы айтарлықтай тарихи мәні бар өзгерістер Сіздің тікелей есіміңізбен тығыз бай­ланысты және республика азаматтары оның нәти­же­лерін лайықты бағалайды, олар елдің табысты, үде­ме­лі дамитынына нақты сенімді. Интернационалист жауынгерлер ісі жөніндегі комитет Сізге Қазақ­стан­да өмір сүріп жатқан әс­ке­ри іс-қимыл ардагерлеріне тұрақты көмегіңіз бен қолдауыңыз үшін әрдайым риза», делінген Р.Аушевтің хатында.

Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.