Қызылорда облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие есебінде 675505 мың теңге берілетін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – ** Қызылорда облысында ** «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие есебінде 675505 мың теңге берілетін болды.Өткен жылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету шараларын іске асыру мақсатында біздің облысқа республикалық бюджеттен 53609 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Жыл қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың 44278,9 мың теңгесі игеріліп, 487 маманға көтерме жәрдемақы төленді. Биыл ауылға баруға тілек білдірген 759 маманға әлеуметтік қолдау көрсету үшін тағы да ел бюджетінен 95321 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Атап айтқанда, білім саласына 467, денсаулық сақтау саласына 219, әлеуметтік қамсыздандыру саласына 26, мәдениет саласына 35, спорт саласына 12 маман келеді деп күтілуде.
Понабрали бездарных игроков со всех концов, но только не Казахстанцев. ...
Ұйымдастырушыларға Алланың нұры жаусын, Пайғамбардың (с.а.у.) шапағаты тисін!!! Қызылордалықтар баға ...
Какой бред :))))))
В главной роли Виктор Цой Продюсерская компания REAL ART production.kz ...
Здравствуйте. Я являюсь официальным представителем ТРЦ Прайм Плаза. Данное мероприятие ...
Так когда я снова получу доступ к совему блогу на ...