Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Қызылорда облысына көшіп келген 10568 еңбекке жарамды оралманның 4500-і түрлі салаларда еңбек етеді

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – ** Қызылорда облысына тәуелсіздік жылдары көшіп келген оралмандардың еңбекке жарамды жастағылары 10568 адамды құрайды. Олардың 4500-і түрлі салаларда еңбек етеді.Еңбекке жарамды жандардың 587-сі білім, 323-і медицина, 481-і жеке кәсіпкерлік, 357-сі ауыл шаруашылығы саласында өз несібелерін теріп келеді. Және бір айта кетерлігі, оралмандар арасында жеке қолөнермен, мал өсірумен, сауда-саттықпен, ұсталықпен айналыса­тындар баршылық. Жоғары білімді­лері де, тіпті бастауыш білімі жоқтар да кездеседі. Осыған орай, орал­мандар арасында түрлі шаралар іске асырылуда. Оралмандарға нақты көмектер көрсету, оларды белгілі бір кәсіби мамандыққа шыңдап, жаңа ортаға бейімдеу шаралары, шетте жүрген қандастарды атамекенге оралту барысында бірқатар ел­ші­ліктермен байланыс орнату секілді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұрын елге оралу үшін комитет арқылы депар­таментке тіркелген, алайда, кейін хабарсыз қалғандармен үгіт-насихат жұмыстары бір жүйеге түскен.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.