Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Құстармен соқтығысып қалған ұшақ жедел қонуға мәжбүр болды - АҚШ

АСТАНА. Наурыздың 12-сі.  ҚазАқпарат  -   Нью-Йорк  әуежайында   US Airways ұшағы    жедел қонуға    мәжбүр болды.  Аспанға енді ғана көтерілген   ұшақтың пилоты     двигательге   құстың   кіріп кетуі  салдарынан жерге  шұғыл қону  туралы шешім қабылдады,  

деп   хабарлайды Associated Press  агенттігі.

Жергілікті   бұқаралық ақпарат құралдарының  хабарлауынша,     жерден 600 метрдей биіктікке  көтеріліп  қалған кезде,      Рочестерден  Шарлотт қаласына  бара жатқан ұшақтың   жолында       канадалық  қаздардың  тобы пайда  болған,   сөйтіп құстардың біреуі       двигательге  кіріп кеткен.   Ұшақ бортында  124 жолаушы  және 5 экипаж мүшесі болған. 

Аман-есен қонғаннан кейін лайнер     жөндеуге  жіберілді.   Ал жолаушыларға басқа рейс ұсынылды.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.