Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Сенат комитетінің төрағасы Словакия сыртқы істер министрлігі саяси секциясының бас директорымен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың Словакия сыртқы істер министрлігі саяси секциясының бас директоры Игорь Слободникпен кездесуінде Қазақстан мен Словакияның, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды,

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Екіжақты қатынастардың одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өте келіп Қ.Сұлтанов парламентаралық үнқатысуды одан әрі тереңдетуді жақтайтынын айтты.

ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық ету бағдарламасына қатысты сенатор оның Парламенттік Ассамблеясы 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу жөніндегі еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға күш салуы, ондағы негізгі тақырыптардың бірі Ауғанстандағы жағдай болуы тиіс екенін айтты. Қ.Сұлтанов сондай-ақ үстіміздегі жылғы мамыр айында Алматыда «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламентшілер жиыны өтетінін хабарлады.

И.Слободник Орталық Азиядағы жетекші елдердің бірі ретіндегі Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалай келіп екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайында әңгіме қозғады.

Дипломат сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайтудағы парламентаралық байланыстардың рөлін атап өтті.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.