Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Қаржы министрі бастаған ақпараттық-насихат тобы Жамбыл облысында

Қаржы министрі Болат Жәмішев бастаған ақпараттық-насихат тобы Жамбыл облысына барды. Ел-жұртқа Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын түсіндірді. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиялық бағдарламаның алғашқы он жылдығын артқа тастаған біздің ел толағай табыстарға қол жеткізді, шүкір. Ендігі мақсат - алдағы он жылдықта тұрақты дамуды қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, деді Қаржы министрі Жәмішев. Енді Жолдау аясында «Индустрияландыру» бағдарламасына қосылған, жалпы құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын 7 бірдей ірі инвестициялық жоба Жамбыл жерінде жанданатын болады. Қонақтармен болған ашық сұхбат барысында жергілікті атқамінерлер осы және әлеуметтік қолдау жөнінде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жолдаудың сан-саласын саралаған министр Жәмішев, мұнан соң еліміздегі экономика, білім, әлеуметтік қорғау, денсаулық салалары бойынша есепті жұмыс жүргізудің тиімді әдістеріне түсініктеме берді.

Болат Жәмішев, ҚР Қаржы министрі

Бүгінде мемлекет барлық салаға қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар. Ұйымдастыру, нормативті-құқықтық көмек , қаржыландыру мәселелері тиімді шешілген. Сондықтан, жоспарланған жобалар жемісін береді деген сенімдемін

Нұржан Мергенбай



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.