Киевте қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылады
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Киевте қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылады. Бұл туралы тиісті өкімге қала басшысы Леонид Черновецкий қол қойды,
деп хабарлады Укринформ агенттігі.
«Ұлы қазақ ақынына ескерткіш орнату екі елдің астаналары арасындағы достықты нығайтуға тағы бір қадам болмақ. Жамбыл Жабаевтың өзі Украинада жиі болды, украин поэзиясын, ұлы кобзарь Тарас Шевченконың шығармаларын жоғары бағалады», - дейді Киев қаласы басшысының орынбасары Сергей Рудых.
Ескерткіш Қазақстанның Украинадағы елшілігінің алдында «Нивки» саябағында меценаттардың қаржысына тұрғызылмақ.
2008 жылы Киев қалалық кеңесінің шешімімен Кузьминская көшесі Жамбыл көшесі болып қайта аталып, 2009 мамырда қазақ ақынына ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылған болатын.
Понабрали бездарных игроков со всех концов, но только не Казахстанцев. ...
Ұйымдастырушыларға Алланың нұры жаусын, Пайғамбардың (с.а.у.) шапағаты тисін!!! Қызылордалықтар баға ...
Какой бред :))))))
В главной роли Виктор Цой Продюсерская компания REAL ART production.kz ...
Здравствуйте. Я являюсь официальным представителем ТРЦ Прайм Плаза. Данное мероприятие ...
Так когда я снова получу доступ к совему блогу на ...