Подписаться на RSS Подписаться на RSS

«Оян.Намыс.kz» журналы оқырманға жол тартты

«Оян.Намыс.kz» журналы оқырманға жол тартты

 АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Бақытжол Кәкеш / - Қазақ баспасөзі қазақтың рухын, намысын оятуға талпынған тағы бір басылыммен толықты.

Қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық « Оян.Намыс.kz »  журналының алғашқы саны тұсауын кесіп,  оқырманға жол тартты. Екі айда бір рет шығатын  бұл  басылымның басты мақсаты - айтылуға тиісті ащы шындықты өткір тілмен оқырманға жеткізу, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Журналдың алғашқы санында жарық көрген  «Бодандық қамыты қазақтың мойнынан түссе де, миынан түскен жоқ», «Отарлаудың ойраны», «Бейғам қазақ һәм Бедеу Еуропа», сияқты көлемді мақалалар жұртшылық көкейіндегі ең өзекті ойларға қозғау салған. Тарихтың ақтаңдағы, қазіргі қоғамның түйткілді тұстары, биліктің елге деген енжарлығы -журнал тілшілері көздеген басты нысана. Сондай-ақ, оқырманды имани біліммен сусындатып, қазақтың ұл-қыздарының жігерін қайрап, намысын қамшылау кеңінен қамтылған. «Қауқарың қодас құрлы бар ма, қазақ?», «Құл дегеніміз кім?», «Жолбарыстар хикаясы» атты өткір тілді дүниелер шынында да намыс пен жігерді қайрайды.

Журналдың редакция алқасының төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, бас редакторы Бекен Қайратұлы.

Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.