Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Алматы өңірлік қаржы орталығы 2020 жылы ең ірі қаржы орталықтарының қатарына қосылуды көздейді

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында ҚР Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі 2009 жылдың қорытындысын жария етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасы Аркен Арыстановтың  айтуынша, өткен жылдың басты жаңалығы Қазақстандық қор биржасы (КАSЕ) мен Алматы Өңірлік қаржы орталығының сауда алаңының бірігуі болды.  «Қазір нарықта бірыңғай алаң жұмыс істейді», дейді А.Арыстанов. Сонымен қатар тағы бір негізгі жаңалық - «ҚР бірқатар заңдарына ислам банкі қызметін қалыптастыру және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша өзгерістер енгізу» туралы заң жобасының қабылданғаны. «2009 жылы тұрғындардың қаржылық сауатын жетідіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұның нәтижесінде 2009 жылдың қорытындысы бойынша орталық депозитариде 9405 жеке тұлға жеке шот ашты. Жалпы өткен жылы Агенттіктің басты жұмыстары құқықтық базаны жетілдіру, қор нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, жаңа қаржы институттарын енгізу, инвесторлар мен эмитенттерді қор нарығына тарту, тұрғындардың қаржылық сауатын көтеру бағытында өрбіді», деді АӨҚОҚРА төрағасы Аркен Арыстанов.

Оның айтуынша, қаржы орталығы өз жұмысын жақсы қарқынмен дамыта беруді көздейді. «Елбасы атап көрсеткендей, 2020 жылы әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының қатарына қосылуды көздейміз», дейді А.Арыстанов.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.