Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Сарбаздар балаларды өрттен құтқарды

АСТАНА.  Ақпанның  9-ы.   ҚазАқпарат  -  Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің  №5513 әскери  бөлімінің   сарбаздары    Тараз   көшесінде  кезекшілік атқарып  жүрген кезде    көпқабатты  үйдің  үшінші қабатында   өрт шыққаны туралы айқайды естиді.  

Дереу әрекет еткен  олар   тиісті  орынға  хабар береді  де, сол жерге   бет  алады.

Кейін  мәлім  болғандай,   өртке  оранған   пәтердің ішінде       үш бала     қалып қойған.  Сарбаздар    жанып  жатқан пәтердің есігін    ашып,   балаларды қауіпсіз жерге алып шығады.    Содан кейін олар  өз күштерімен  өртті сөндіреді.

Құтқарылған   балалардың  анасы Гүлзахира  Әбдезова      кіші сержант  Әлімбек Байтуовқа,    қатардағы жауынгерлер  Айбар Сағынғалиев пен  Замирбек   Машаевқа    және     бөлім қолбасшылығына алғысын  білдіріп  отыр. 

Міндеттерін адал     атқарғандары және      қоғамдық  тәртіпті   күзету жөніндегі       қызметтерінде   қырағылық  танытқандары үшін бұл    жауынгерлер  әскери  бөлім командирінің   алғысымен атап өтілді  және     Ішкі әскер   қолбасшысының атынан      марапатқа   ұсынылды.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.