Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Бүгін Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Оған атсалысуға ниет білдірген 200-ге жуық спортшы жас ерекшеліктеріне байланысты үшке бөлініп, сынға түсуде. Бұл ел біріншілігі ақпанның 8-де аяқталады. Жүлделер – топтық, жекелей және көп сатылы сайыстарда сарапқа салынады. Жарыс соңында жеңіс тұғырына көтерілгендердің арасынан ұлттық құрамаға алынатындар іріктеледі. Жалпы гимнастшыларымыз үшін биылғы маусым оңайға соқпасы анық. Мәскеудегі әлем чемпионаты, Гуанджоудағы Азия чемпионаттарында құрамамыз Алия Юсуповасыз өнер көрсетеді. Азияның абсолюттік чемпионы, Әлем Кубогы кезеңдерінің жүлдегері және екі олимпиадаға қатысқан Юсупова қазір көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне ауысты.
Алия Юсупова, Көркем гимнастикадан ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы
Қазақстан құрамасын жаттықтырып жатырмыз. Алдыда Азия және әлем чемпионаттары бар. Бізде әлі де тәжірибе жеткіліксіз. Менің 8 жылдық тәжірибем бар ғой. Сондықтан қыздарға көмектесем.
Асылхан Өмірбекұлы
Наш мир копировал статью с сайта http://newsland.ru/News/Detail/id/539157/cat/51/ Там вверху подписан ...
Почему не транслируется, обещенная телеканалом Казахстан, Новая волна??? В чем ...
Статья с сайта Костанайских новостей. Ссылка и автор, кстати, указаны ...
Спасибо за материал! Насколько мне известно, это первый на сегодня ...
Добрый день, Inna. Эта новость попала к нам на сайт ...
А почему ссылку на первоисточник не ставите? http://kstnews.kz/index.php?a=5209