Подписаться на RSS Подписаться на RSS

Ақтөбе облысында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша қаражат бөлінеді

Ақтөбе облысында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша қаражат бөлінеді

 АҚТӨБЕ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 5,4 млрд. теңге қаражат бөлу жоспарланған.

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың бастамасы бойынша Үкімет қосымша тағы 2 млрд. теңге бөлетін болды, деп хабарлады еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінде.

Департамент директоры Серік Орынбаевтың айтуынша, биылғы жылы Ақтөбе облысында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 90 нысан, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық саласы, авожолдар, әлеуметтік мақсаттағы нысандар күрделі жөндеуден өткізілмекші. 5800 жаңа жұмыс орындары, 2400 әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тағлымдамалары бойынша 1300 орын құрылатын болады. Тұрақты жұмыс орындарын құруға баса көңіл бөлінеді.



Добавить комментарий





Если выбрано, каждый раз когда кто-нибудь будет отвечать на Ваш комментарий, Вам будет отправляться e-mail с уведомлением.


Введите буквы и цифры, изображенные на картинке.